Диагностикалауды ұйымдастыру
Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі - ерте диагностика және сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Aston Health 60-тан астам нозологияда, оның ішінде онкология, онкогематология, инфекциялық және сирек кездесетін генетикалық аурулар саласында пациенттердің скринингін және диагностикасын ұйымдастыру бойынша жобаларды іске асырады.
Біз халықаралық стандарттарға сәйкес деректерді ұсынатын зертханалық орталықтармен ғана жұмыс істейміз.
Бізбен жұмыс істеудің артықшылықтары:
- Диагностикалық бағдарламалар шеңберінде пациенттермен жұмысты ұйымдастыру
- Терапияға жауаптың динамикалық мониторингі
- Бейінді пациенттердің скринингі
- Пациенттерді бағыттау және логистикалық қолдау
- Диагностикалық бағдарламаларға қатысушыларды іріктеу және үйлестіру
- Дәрігерлерді іріктеу және ақпараттық қолдау
- Зертханаларды жабдықтау, оқыту және ақпараттық қолдау
- -70Со дейінгі температуралық режимі бар биоматериалдарды жеткізу
Біз бағдарламаларға қатысушылардың дербес деректерін сақтауға және өңдеуге ерекше назар аударамыз. Зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру кезінде дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатымызды осы жерден зерделеуге болады.

Наталья Муева
руководитель отдела медицинских программ