Қазақстандағы қант диабеті клиникалық тіркелімінің пилоттық кезеңі
Қазақстан Республикасы Диабет Қауымдастығының бастамасымен және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен 2016 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасында Алматы қаласының қант диабеті клиникалық тіркелімінің пилоттық жобасы басталды.
Бұл ДМ клиникалық-эпидемиологиялық мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйесі, ол науқасты аурудың бүкіл кезеңінде тізілімге енгізген сәттен бастап бақылауды, асқынулардың болуы мен түрін, көмірсулар алмасуының көрсеткіштерін және басқа зертханалық параметрлерді тіркеуді, динамикадағы терапия құрылымын бағалауды, сондай-ақ науқастардың өлім-жітім құрылымын талдауды қарастырады. Тіркелім бір жобада біріктіру үшін қуатты ресурсқа ие және бірнеше клиникалық бағыттар тіркелімдерінің бір мезгілде жұмысын қамтамасыз ете алатын Астон Груп Қазақстан ЖШС Quinta online платформасында құрылды.
Присоединяйтесь к нам на Telegram, Youtube, Vk, Яндекс Дзен

Анастасия Жигалкина
ведущий менеджер по маркетинговым коммуникациям